Жарияланды: 06.02.2022

Алматы орталығында лаңкестер намаз оқып жатыр — қаңтардағы оқиғаның жаңа кадрлары пайда болды

фото Информ.кз

Желіде 5 қаңтар Алматыда Президент резиденциясы алдында лаңкестердің намаз оқып жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоға сәйкес, оқиға Алматыда 5 қаңтар сағат 19.10-да таспаға түсірілген. Кадрда лаңкестер Алматыдағы Президент резиденциясы алдында намаз оқып жатыр. Еске салайық, 6 қаңтарда Алматыда тәртіп орнату мақсатында антитеррористік арнайы операция басталып, 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды. Комендатураның ақпарат орталығы тәртіпсіздік жасаған радикалдар қалаға үлкен залал келтіріп, құқық қорғау органдарының тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңды әрекеттеріне қарсылық көрсеткенін хабарлады. Террористер бейбіт тұрғындарды, әсіресе әйелдерді тірі қалқан ретінде пайдаланып, арнайы операция жүргізуге кедергі келтірген. 7 қаңтарда «Хабар 24» телеарнасы хабарлағандай, Алматыда арнайы операция барысында 70 террорист пен 30 мародер ұсталды. Алматыда лаңкесткрдің қолынан тек қана әкімшілік ғимараттар емес, бейбіт тұрғындардың өздері, мүліктері зардап шекті.

 

 

1 282 қаралым