Жарияланды: 11.02.2022

Омбудсмен Кәрім Мәсімовтің қамаудағы қазіргі жағдайы жайлы айтты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мемлекетке опасыздық жасады деп қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына тоқталды.

Мәсімов тергеу изоляторларындағы өзінің жағдайына еш шағым айтпаған, деп хабарлайды Экспресс К.

«Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қамауға алынған бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімовтың қазіргі жағдайына қатысты сұхбатты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова BaigeNews.kz ақпараттық парталына берген.

Ішкі істер органында да, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде де, бір камералы немесе көп адамдық болса да тергеу изоляторы бір. Мақсат біреу- қамауда ұстау. Бастысы сол емес пе. Әзірге бізге бұл тұрғыда нақты шағым түскен жоқ,

— дейді Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, ол ішкі істер органдары мен ҰҚК тергеу изоляторындағы айырмашылық қамауға алынған адам санында ғана дегенді айтты. Яғни, бірінде бірнеше ғана адам қамалса, екіншісіне ондаған күдікті жабылады. Бастысы олар қамауда, қоғамнан жырақта. Осыны түсіну керек.

 

3 520 қаралым