Облыс басқарып отырған еліміздегі жалғыз әйел әкім Гүлшара Әбдіқалықованы қаңтардағы ереуіл кезінде қолға түсіруге әрекет жасағандар болған.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, 5 қаңтарда «Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова барған.
Алайда келіссөздер нәтиже бермеді. Жиналғандар ештеңе тыңдағысы келмеді, әдепсіз сөздер айтты, түрлі әрекеттер жасады. Облыс әкімі көлікке мінген кезде оны ұстауға бұзақы топ әрекет жасады,
Ол Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінің күшімен эвакуацияланған.
5-6 қаңтарда Қызылорда облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде басқыншылар 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жеке сектор субъектілеріне шабуыл жасаған. Бұл ретте олар 65 көлікті өртеп, 80 көлікті бүлдіріп, екеуін ұрлап кеткен.
Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан 6 бүлікшінің мәйіті ұрланды,
Қазіргі таңда облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, облыстық полиция қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.