Жарияланды: 14.02.2022

Мәсімовтің күйеу баласы Ресей федералдық жүк тасымалдау компаниясы басшылығының тізімінен жоғалып кетті

Орда

Мәсімовтің күйеу баласы Ресей федералдық жүк тасымалдау компаниясы басшылығының тізімінен жоғалып кетті, деп хабарлайды Ordа.kz

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің үлкен қызының күйеуі Азамат Қапенов Ресей мен Қазақстанда жүк тасымалымен айналысатын ФГК басшылығының тізімінен жоғалып кетті.

Бұған дейін іздеуде жүрген «Бипек-авто» компаниясының бұрынғы басшысы Анатолий Балушкин ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Капенов Балушкин мен Мәсімов арасындағы келіссөзге қатысқанын айтқан. Мәсімовтің туыстары Балушкин бизнесінің жарты акциясын тартып алмақ болған деген болжам бар.

2018 жылы Қапенов Мәскеудегі Серебряный Бордан құны 1 млрд рубльге жуық зәулім үй тапты.

Ordа.kz түсініктеме алу үшін ФГК басшылығына хабарласты. Бірақ әлі ресми жауап алған жоқ.

1 658 қаралым