Жарияланды: 19.02.2022

Жамбыл облысында ірі кәсіпкер қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктелуде

orda.kz

Ол облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына жасалған шабуылдар кезінде дауыс зорайтқыш арқылы қатысушыларға нұсқау беріп отырған, деп хабарлайды orda.kz.

 

Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы мәлімдеді.

— Облыстық әкімдік пен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына шабуыл жасау кезінде ол дауыс зорайтқыш  құрылғыларды пайдаланып, жан-жақты нұсқаулар берді. Үйлестірушілер жастарды шағын аудандарға жинап, жақын аудандардан шақырды. Оларға кәмелетке толмағандар да қосылды. Ұсталғандардың 85%-ы 29 жасқа толмағандар, – деді ол.

 

Прокурордың орынбасары ұйымдастырушылар жастар арасында танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, нақты нұсқаулар беріп, жалған патриоттық үндеулермен тұрғындардың сезіміне селкеу түсіргенін атап өтті.

Шабуылға қатысушылар полиция ғимараттарын басып алып, олардан 840 қару ұрлады.

— Бүгінгі күні 237 қару табылып, тәркіленді, тағы 603 қару жұрттың қолында. Қарулы топ   қаланың қалыпты өміріне кедергі келтіруді, қылмыс жасау арқылы бейбіт тұрғындарды қорқытуды көздеген, – деп қосты ол.

ҰҚК ғимаратына шабуыл жасау кезінде  оларға тойтарыс берілді. Тәртіпсіздік кезінде барлығы 277 тәртіп сақшысы зардап шегіп, екеуі қаза тапты, кейбірі ауыр жарақат алған.

Қаңтар оқиғасы басынан бері ішкі істер органдарына 1586 адам жеткізілді, оның 587-сі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 908-і үйлеріне шығарылды.

1 874 қаралым