Жарияланды: 22.02.2022

Қалыңдық Шымбұлақта той көйлегімен сноуборд тепті

экспресс

Алматының «Шымбұлақта» демалыс орнында серуендеген қалыңдық пен күйеу жігіт жұртты таңғалдырды.

Жас жұбайлар той алдындағы серуенді өзгелер секілді саябақта емес, теңіз деңгейінен 3200 метр өткізуді жөн санапты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қалыңдық пен күйеу жігіттің видеосын Камила есімді ТікТок қолданушысы бөлісті. Онда «Жас жұбайлар Шымбұлақта. Биіктігі 3200 метр» деп жазылған.

Бейнежазбада той көйлегін киген қалыңдық пен күйеу жігітті көруге болады. Олардың бірі сноубордта, екіншісі шаңғы теуіп төмен қарай түсіп бара жатады.

429 қаралым