Жарияланды: 23.02.2022

Мәдина Сәдуақасова: Осы күні қандай сөздер айтып, тілек тілесең, өміріңіз сондай болады

Мәдина Сәдуақасова әдемі датаға байланысты оқырмандарына ыстық ықыласын жеткізді. Сәби күтіп жүрген әнші дәл өз секілді ниеттегі жандардың да тілегі орындалсын деп тіледі, деп хабарлайды стан.кз. 

«22.02.2022! Нумерологтер осы күні қандай сөздер айтып, қандай іс-әрекет жасасаң алдағы жыл, тіпті, өмірің сондай болады дейді. Шын жүректен, әр оқырманыма өмірлеріңізде тек жақсылық пен қуаныш болсын, жаныңызға тыныштық, береке тілеймін, өзіңіздің, жақындарыңыздың дені сау болсын, ауырып жүргендер сауығып кетсін, сәби күтіп жүргендер бөпелі болсын, жұмыстарыңыз алға жүре берсін, табысты болыңыз, жаңа үй, машина алыңыз. Жігіттер қыздарына ұсыныс жасасын, той көп болсын. Армандарымыз орындала берсін», — деп жазды әртіс.

Әнші сұхбаттарында тағы да ана атануды армандап жүргенін жиі айтады, Тұңғышы Әнуардың соңынан қарындасы не інісі ерсе деп армандайды. Өзі секілді ниеттегі жандардың арманы орындалса екенін деп тіледі. 

Желі қолданушылары ақ жарма тілегін арнады. 

“Биыл балалар жылында әр үйде сәбидің сыңғыры көбейе берсін”, “Әмин! Рақмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр отбасына амандық, шаттық, бақыт ұяласын! Мәдина сіңлім жарқырап, жан жағыңа нұрыңызды шашып жүре беріңіз!”, “Аллаһ бұйыртып, дүниеге аман есен нәрестелер келе берсін. Үйлі жайлы, көлікті бола берсін”, “Айтқаныңыз келсін. Баспаналы болайық, машина алайық, балалы болайық, жақындарымыз аман болсын”, “Алла қаласа бәрі жақсы болады! Аллаға шүкір! Алла разы болсын сізге!! Рахмет!”,  деп жазды желі қолданушылары. 

1 381 қаралым