Жарияланды: 25.02.2022

Қазақстандық оқушылар Жәутіков олимпиадасында 97 медаль жеңіп алды

закон.кз

Оның ішінде Қазақстан оқушылары 13 алтын, 21 күміс, 63 қола медаль жеңіп алды. Осылайша олар Astana IT University және ҚБТУ сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлығы мен білім беру грантына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қатысушылар саны бойынша рекорд. Байқауға дүниежүзінің 21 елінен 1200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.

Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және тағы басқа елдер бар.

Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, халықаралық Жәутіков олимпиадасы қазақстандық және шетелдік мектеп оқушылары арасында жыл сайын танымал болып келеді. Биыл байқауға қатысушылардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 200 адамға көп болды.

Олимпиада кезінде қатысушылар математика, физика және информатикадан күрделі есептерді шығарады. Мұндай зияткерлік сайыстар балалардың білімін тереңдетіп қана қоймай, оларды топта жұмыс істеуге, достық қарым-қатынас орнатуға үйретеді.Алматы, Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев

1 041 қаралым