Жарияланды: 26.02.2022

Кентауда күн электр станциясын салу ісі қарқынды

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Кентау қаласында болды. Ол қала аумағында орналасқан 50 МВт «Кентау» күн электр станциясының жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Жалпы 2021 жылы «Кентау», «Шоқтас» және «Құшата» күн электр станциялары іске қосылған болатын. Жобаны Ресейдің «Хевел» компаниялар тобы жүзеге асырып, 17 млрд. теңге көлемінде инвестиция салды.

 
«Кентау» күн электр станциясында құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың сәуір айында басталып, 2021 жылдың ақпан айында пайдалануға берілді. Станцияның болжамды жылдық электр қуатын өндіру көлемі жылына 104 млн. кВт/сағ қуатын құрайды. Құрылысқа 150-ден астам адам жұмылдырылып, «Кентау» КЭС-ін пайдалану кезінде 22 тұрақты жұмыс орны ашылды. Құрылыс жұмыстарына жергілікті мердігерлер тартылған болатын.
 
«Кентау» КЭС жұмысымен танысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Тұрғанов станция жұмысына оң бағасын берді. Алдағы уақытта экологияға зияны жоқ жобаларға қолдау көрсету жалғасады.
 
833 қаралым