Жарияланды: 29.03.2022

Шымкент: «275 орам» — да биыл 4 көшеге асфальт төселеді

Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы «275 орам»да мыңнан астам адам тұрады. мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады.

 
🚰 ауыз сумен толық қамтылған.
🔥 табиғи газбен қамту үшін биыл құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталады.
🌐 сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады.
 
🛣️ жол – Биыл 4 көшеге («Ақмылтық», «Қаржантау», «Үшағаш», «Баянауыл») асфальт төсеу қолға алынады.
2023 жылы – «Қырыққыз», «Ақорда» көшелеріне асфальт төсеу жоспарлануда.
🚌 16 қоғамдық көліктері қызмет етеді.
 
🎇 2023 жылға «Шалқар» көшесін жарықтандыруға ұсыныс берілмек.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
790 қаралым