Жарияланды: 27.02.2022

Екпе алудың маңыздылығы

Әлемде пандемия ахуалының тұрақтануына және дерттің өсу қарқынының төмендеуіне басты жол – вакцинация. Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Алайда уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарда ревакцинациялауға жатады. Ревакцинация халыққа қолжетімді,барлық емханаларда тегін жүргізіледі. Ауру деңгейінің төмендеуі үшін қайта екпе алғаннан кейін 75-80 % аралығында ұжымдық иммунитет қажет. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, инфекцияны жеңу жолында Сіздерді вакцинация, ревакцинация алуға шақырамыз! Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы

1 023 қаралым