Жарияланды: 18.04.2022

Шымкент: Әл Фараби ауданында тазалау жұмыстары жүргізілуде

Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика, Тәуке хан, Түркістан, Жангелдин, Қонаев, Байтұрсынов көшелерінің бойында орналасқан қоқыс алаңшаларында дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілуде. «ШымкентСпецкомплекс» мердігер мекемесі өздері келісім-шарт жасасып, қызмет көрсететін аумаққа контейнер жуу, жәндіктерге қарсы дәрілеу жұмыстарын бастады.

 
Әл-Фараби ауданында жалпы саны 192 қоқыс алаңшасы болса, бүгінде соның 75-інде көктемгі санитарлық- дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. Мұндай тазалық іс-шаралары басқа мөлтек аудандарда жалғасын табады.
541 қаралым