Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов оқу процесі мен өндірісті қатар дамыту мақсатында «Кентау трансформатор зауыты» ААҚ-мен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық және әріптестікті нығайтуды тапсырған болатын. Осыған орай арнайы құрылған жұмыс тобы өзінің алғашқы отырысын өткізді. Кентау қаласында өткен бұл отырысқа Ахмет Ясауи университетінің вице-президенті, жұмыс тобының төрағасы Талжан Пердешұлы, Кентау трансформатор зауыты ААҚ Басқару кеңесі төрағасы Хайрулла Қожабаев, Ахмет Ясауи университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Өмірбек Үмбетов, университеттің Кентау институты директоры Камалбек Беркімбаев Инженерия факультетінің деканы Әбдімұқан Төлеп, Технологияларды коммерцияландыру офисінің директоры Ержан Керімбеков және Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расул қатыстыКелелі жиында электр энергетикасы мамандығының оқу бағдарламасын өндірістің заманауи талаптарына сай жаңарту мәселесі қаралды. Сондай-ақ, келешек энергетиктердің меңгеруі тиіс қосымша пәндері талқыланып, зауыт өнімдерін қалай ғылыми зерттеу жұмысы нысанына айналдыруға болады деген мәселе қаралды. Осы ретте зауыт мамандары университет аясында «Логистика» және «Машина жасау» мамандықтары ашылса деген ұсыныстарын білдірді.
ayu.edu.kz