Жарияланды: 11.05.2022

Шымкент: Қала әкімі «Нұршуақ» шағынауданына барды

Шымкент әкімі бүгін «Нұршуақ» шағын ауданының табиғи газ, электр желісінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

 
Мұнда 26 мыңдай халық қоныстанған. Шағын аудан ауыз сумен былтыр қамтылды. Электрмен қамту жұмыстары былтыр басталған. Мердігер — «Электромонтаж» АҚ. 7,8 шақырымдық 10кВ кабельдік желі, 198,299 шақырымдық 10/0,4 кВ әуе желісі орнатылады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.
 
Ал, табиғи газбен қамту жұмыстары биыл басталды. Құрылыс кестеге сәйкес жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланған.
 
Қала әкімі тұрғындар тіршілігі үшін басты қажеттілік саналатын инфрақұрылым жүйелерін мерзімінде аяқтау керектігін айтты.
 
Аралау барысында жергілікті тұрғындармен де кездесіп, сауалдарына жауап берді.
 
972 қаралым