Жарияланды: 10.06.2022

Шымкентте Түркияның «ACIBADEM» клиникасының өкілдігі ашылды

Түркия – медицинасы қарқынды дамыған елдердің бірі. Сондықтан да аталған елге барып емделуге құмбылдардың қарасы қалың. Басты байлықтың қамын ойлаған қалың ел енді Шымкенттен шықпай-ақ түркиялық мамандардан кеңес ала алады. Әрі Түркияға барып емделуге де мол мүмкіндік туып отыр. Күні кеше үшінші мегаполисте түріктің «ACIBADEM» клиникасының өкілдігі ашылды. Бұл халықаралық деңгейдегі емхананың әлемдегі 46 — филиалы. Орталық өкілдері науқастардың Түркия және өзге де елдерге барып ем қабылдауына қолдау көрсетеді.

Түркияның ең ірі «ACIBADEM» медициналық холдингі шымкенттіктерге кең ауқымды қызмет түрін ұсынады. Бұл Қазақстандағы екінші өкілдік. Күнгейлік тұрғындарға енді ат сабылтып Алматыға барудың қажеті жоқ, барлық құжаттар Шымкентте қабылданып, рәсімделеді – бұдан былай екінші тәуелсіз медициналық қорытынды алу немесе озық емханада ем алу қиындық тудырмайды. Пациенттер дерті мен емдеудің ықтимал нұсқалары бойынша тегін алғашқы онлайн кеңес ала алады. Күрделі диагноздар үшін пациенттер де, дәрігерлер де екінші медициналық қорытынды ала алады – бұл қызмет те тегін көрсетіледі. «ACIBADEM» клиникасы онкология, гематология, нейрохирургия, ортопедия, кардиология, гинекология және спорттық медицина саласындағы ауруларды жоғары кәсіби диагностикалау мен емдеуді қоса алғанда, барлық медициналық салаларда қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Емі шипалы, білікті мамандары мол атақты клиникада емделуге бейілдердің қатары қалың. Заманауи технологиямен жабдықталған, соңғы үлгідегі құрылғылары қолжетімді клиникаға әлемнің әр түкпірінен келіп ем алатындар көп. Стамбул қаласында орналасқан «ACIBADEM» клиникасы енді шымкенттіктер үшін де қолжетімді болып отыр. Үшінші мегаполисте ашылған клиника келушілерді қабылдап, оларды емделу үшін Стамбул қаласына жібереді.

Ильяс Бэвенисте, «ACIBADEM» медициналық холдингінің халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директоры: «Біздің орталық емдеу ісі бойынша барлық қызмет түрін ұсынады. Клиникамыз Түркияда озық технологиямен жабдықталған. Мамандарымыз да өте тәжірибелі. Орталықты ашудағы мақсатымыз — қолдағы бар мүмкіндігімізді халыққа ұсыну. Мұнда келушілерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Аурудың түріне байланысты қорытынды жасап Түркияға жіберіп, клиникамызда емделуге көмектесеміз. Біз жан — жақты шетелдік тәжірибелерді үздіксіз қолданамыз. Бізге сапалы қызмет маңызды. Осында келіп денсаулығын тексеру ұзақ уақыт алмайды. Қандай ем алу қажеттігін мамандарымыз айтып береді».

Барып, келу, емделу қауіпсіздігін клиника мамандары толықтай өз жауапкершілігіне алған. Сондықтан да айтулы клиниканы таңдағандар алаңсыз түрік елінде емделуіне болады.

Бір артықшылығы — атақты клиникада емделгісі келетін айырықша қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналарын арнайы қайырымдылық қорларымен байланыстырып, тегін емделу жолдары да қарастырылған.

Сұраныс артып отырған соң алдағы уақытта орталық өкілдігін еліміздің басқа қалаларынан да ашу жоспарларында бар.

Өкілдіктің мекенжайы: Республика даңғылы, 10, тел: 87252402006 instagram: @acibadem.russian

1 232 қаралым