Жарияланды: 26.06.2022

«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерге курортқа жолдама берді

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төраға  Катбаев Сакен Арыстанұлымен «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің ұжымдағы ұйымшылдық әрекеттері үшін қызметкерлерге санаторий- курорттық жолдама және материалдық көмек көрсетті.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы баяндауымен 21.05.2022  мекеменің іргелес аумағында техногендік апат күні жұмыс орындарында 104 қызметкер болды. Барлық қызметкерлер осы кезде бірлік танытып, ешкім жұмыс орнынан кетпеді, пациенттерін қалдырмады, психологиялық күйзелістерге қарамастан жауапкершіліктен жалтаруға тырыспады.

Әкімшілік пен жауапты кезекшілер пациенттерді басқа медициналық мекемелерге ауыстыруды ұйымдастыра отырып, эвакуацияны дереу бақылауға алды. Оттегін беру жүйесі зақымданып және электр энергиясын ажырағаннан кейін жаңа туған нәрестелер дем алуы үшін Амбу қаптарын қызметкерлер қолмен шайқады, босануды қауіпті жағдайларда қабылдады. Дәрігерлер бірнеше секунд ішінде далалық аурухананы ұйымдастырып, алғашқы көмек көрсете алды. Қызметкерлер арасында нағыз батырлар анықталды. Олардың үйлесімді әрекеттері арқылы көптеген пациенттердің өмірін сақтап қалды.

Кез келген ұжымда ұйымшылдық маңызды екені анық. Осы ретте «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «№1 Облыстық перинаталдық орталығы»  бастауыш кәсіподақ мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасады. Кәсіподақ тарапынан жарылыс кезінде оқиға орнында жедел әрекет етіп, өзінің кәсіби міндетін абыроймен атқарған медицина қызметкерлерін марапаттауға ұсыныс беріліп, 5 қызметкеріне санаторий- курорттық жолдама беріп, 5 қызметкеріне материалдық көмек көрсетілді.

Егер қызметкерлердің арасында өзара сыйластық пен татулық болмаса, атқарып жатқан жұмыс кері кетеді. Сол себепті ұжымның ауызбіршілігін әрқашан қадағалап, олардың еңбекке деген ынтасын арттырған жөн. Осы орайда кәсіподақ ұйымы ұжымның ұйытқысына айналып отыр десек қате емес.

1 467 қаралым