Жарияланды: 22.07.2022

Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті

«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент «№1 қалалық емханасы» МКК қызметкерлерімен кездесу өтті. “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Кесебаева Айжан Өмірзаққызы бүгінгі қоғамдық дерт туралы кеңінен әңгімеледі.  Кездесу барысында еліміздегі денсаулық сақтау саласының сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруге бейім екендігі, оның алдын алу, ішкі мониторингтік тексерістер арқылы анықталған кемшіліктерді жою сынды негізгі міндеттері айтылды Aл мекеме қызметкерлері өздерін қызықтыратын және мазалайтын сауалдарын қойып тұщымды жауап ала алды.

1 078 қаралым