Жарияланды: 28.07.2022

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КРЕАТИВТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА

«Қалдықтар мен климат», «Жайылма суару» және ECO CAR — Қазақстанның өсіп келе жатқан экологтары туралы білуіңіз қажет мәселелер. Балалар экология тақырыбындағы керемет идеяларын ортаға салып, болашақ жобаларын іске асыруға ақшалай гранттарға ие болды. 2022 жылғы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында “Шеврон” компаниясының қолдауымен “EcoJas” Ұлттық еріктілер желісі жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марал Қасымбекова, Нұр-Сұлтан қаласы, ECO CAR

Экологиялық мәселе туралы

«Адамдардың көбі тек қоршаған ортаға емес, өзіне де зиян тигізіп жатқанын білмейді. Қоршаған ортаның жағдайы мен Жер бетіндегі адамдар мен жануарлар бір бірімее тығыз байланысты. Біз күнделікті қайта пайдалануға болатын заттарды қоқысқа тонналап тастаймыз. Адамдар кейде қалдықтарды сұрыптағылары келмейді, кейде оларды қайда апару, оларға не істеуге болатынын білмейді. Осы тұрғыда мен бұл проблеманы шешу жолын ойластыра бастадым.

Проблеманы шешу

“Бізге шағын нәрседен, мысалы қалдықты сұрыптауға апарудан немесе ағаш отырғызудан бастауға болады”, – деген ой келді. Сондықтан да қазір “ECO CAR” деген тамаша жоба бар.

Адамдардың өңдеуге болатын шикізаттарын жинап, қабылдау орындарына апарамыз, олар бізге ақша төлейді. Макулатураның 500 килограммына біз 14 000 теңге аламыз және оны қаланы көгалдандыруға жұмсаймыз: мектептер мен балабақшаларда, тұрғын-үй кешендерінде ағаш отырғызамыз. Сонымен қатар біз пластик, алюминий және әйнек қабылдаймыз.

Жобаны кім ойлап тапты?

“Мен Нұр-Сұлтан қаласында №89 мектепте оқимын, 10-сыныпты аяқтадым. Тоғызыншы сыныптың соңында экология жайлы ойлана бастадым. Қазір әртүрлі эко-жобаларға қатысуға тырысамын, олардың бірі – “ECO CAR”. Болашақта да өмірімді экологиямен ұштастырғым келеді”.

Вусал Мухамедов, 17 жас, Теміртау қаласы, «Қалдықтар мен климат»

Андрей Ковылкин, 18 жас, Теміртау қаласы, «Қалдықтар мен климат»

Экологиялық мәселе туралы

Вусал. Біз қалдықтардың көбі органикалық екенін білдік. Ал олар шіріген кезде парниктік әсер беру қаупі бар метан газын шығарады.

Проблеманы шешу

Вусал. Біз органикалық қалдықтардан бағбандыққа арналған тыңайтқыштар жасап шығару үшін компостерлер мен құрт фермаларын қалай пайдалануға болатынын ойлап таптық. Біздің жобамыз шығарылатын метан мөлшерін азайтып, парниктік әсерді төмендетуге көмектеседі. Жобаның идеясы – климатты сақтау мақсатында, сонымен қатар адамдарға парниктік газдарды азайтудың және қоршаған ортаны қалпына келтірудің қарапайым жолдары туралы айтып беру үшін топырақты тыңайтуға арналған компост және құрт фермасын үй жағдайында жасау”.

Андрей: “Қазіргі кезде адамдар қарапайым әрекеттерімен-ақ экологияға қамқорлық таныта алатынын білуі керек”.

Жобаны кім ойлап тапты?

Вусал: “Мен Теміртау қаласындағы №16 мектептің түлегімін. Университетке құжат тапсырып жатырмын. Экология тақырыбы қызық. Өйткені адамдарға қазір де, болашақта да өмір сүретін қолайлы жағдайлар керек”.

Андрей: “Мен эковолонтермін. Теміртау қаласының тұрғындарына экологиялық білім берумен айналысамын: әртүрлі науқандар, шаралар және экологиялар бойынша тренингтер өткіземін”.

Әнел Мусаинова, 16 жас, Қарағанды қаласы, «Жайылма суару» жобасы.

Экологиялық мәселе туралы

“Біз Шет ауданына сел мәселесін зерттеуге бардық. Агрономмен сөйлесіп отырып, бұрын бұл жерде жайылма суару қолданылғанын білдім. Суарудың бұл түрі сел қаупін азайтып, топырақты еріген сумен суару арқылы астықты көбейтуге көмектеседі. Қазір бұл әдіс ұмыт болған”.

Проблеманы шешу

“Осы тақырыпты зерттеп, сауалнамалар жүргіздім. Нәтижесінде, «Жайылма суару» жобасы пайда болды. Біздің жобамыз экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді. Жайылма суару сел қаупінің алдын алуымен қатар, астықты алқаптар жанындағы суарылмайтын жерлерге қарағанда екі-үш есе көп болады. Суарылмайтын жылдары 200 гектар жерден 200 тонна, ал суарылатын жылдары 400 тоннадан астам шөп шабылады”.

Жобаны кім ойлап тапты?

“Мен Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысымын. Әртүрлі жобалармен айналысамын, билеймін, фортепианода ойнаймын.

Экология — қазіргі кезде мен үшін ең маңызды тақырыптардың бірі. Экологияны ойлағанда, біз өзімізді ойлаймыз”.

“EcoJas” туралы

“EcoJas” — оқушыларға арналған білім беру-танымдық жобасы. Мақсаты – балалар арасында экологиялық білім беру және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу. Жоба жылдың басында басталып, Ақмола және Қарағанды облыстарының 73 мектебіндегі 3700 баланы қамтыды.

Жалпы білім беретін мектептерде балалардың қоршаған орта, денсаулық және қалдықтарды сұрыптау сияқты мәселелерге қызығушылықтарын оятатын пәндер жоқ. Осындай байқаулапдың нәтижесінде оқушылар табиғатқа көбірек қамқорлық танытудың маңыздылығын түсіне бастайды.

Әрқайсымыз экология мен ел болашағын сақтауға үлес қоса аламыз. Ұлттық волонтерлік желі мен “Шеврон” компаниясы қазақстандық оқушылармен бірге іске көшті! Сіздер де қосылыңыздар.

“Шеврон” баспасөз қызметі

938 қаралым