Естеріңізде болса, алдыңғы постымда мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымға тағайындау туралы жазған болатынмын. Бүгін сіздердің назарларыңызға педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалаудың өлшемшарттарын ұсынғым келеді. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
Өлшемшарттар қандай?
- Білім деңгейіне қойылатын балл саны:
Техникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай/қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7
- Ғылыми / академиялық дәрежесі
Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10
— Ұлттық біліктілік тестілеуі
«Педагог» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
«Педагог-модератор» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін- 5 балл
70-тен 80 балға дейін=8 балл
80-нен 90 балға дейін=9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40 — тан 50 балға дейін=4 балл
50-ден 60 балға дейін=5 балл
60-тан 70 балға дейін=6 балл
«Педагог-шебер» біліктілік санатымен — 10 балл,
- Біліктілігі/Санаты.
2 санат = 1 балл
1 санат = 2 балл
Жоғары санатты = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
- Педагогикалық қызмет өтілі
1 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3
- Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі
әдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл
- Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін
Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
«өте жақсы» = 1 балл
«жақсы» = 0,5 балл
7.Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)
Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда = минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл
- Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 0,5 балл
ғылыми жобалар = 1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 3 балл
«Үздік педагог» конкурсының қатысушысы = 1 балл
«Үздік педагог» конкурсының жүлдегері = 5 балл
медаль «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» = 10
- Әдістемелік қызмет
ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы
- Қоғамдық-педагогикалық қызмет
Тәлімгер — 0,5 балл
ӘБ жетекшілігі — 1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл
- Курстық дайындық
НЗМ ПШО, «Өрлеу» курстары – 0,5 балл
курстар — 0,5 балл (әрқайсысы жеке)
Максималды балл 83-ті құрайды