Жарияланды: 15.08.2022

Оқу жылы ұзартылды

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова оқушылардың жазғы демалыс уақытына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды.

Жаңа оқу жылы 36 аптадан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады,

— дейді Шолпан Каринова.

Сонымен биылғы оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады:

1–11 сыныптарда:

күзгі — 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін),

қысқы — 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін),

көктемгі — 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін).

1 сыныптарда қосымша демалыс — 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).

 

733 қаралым