Жарияланды: 18.08.2022

2022-2023 оқу жылына арналған кесте өзгерді

 

Қазақстанда биылдан бастап оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сонымен қатар тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған. Stan.kz оқушылардың жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесін ұсынады.

Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн демалады. 

ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін созылады. 

 

Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі. 

Көктемгі демалыс та 9 күнге, яғни 18 наурыздан 27 наурызға дейін созылады. 

Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жазғы демалыстың жалпы ұзақтығы – 92 күн. 

1 573 қаралым