Жарияланды: 24.08.2022

Салық төлеушілерге арналған акция өтті

Шымкентте Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен арнайы акция өтті. Шарада қала тұрғындарын салықты төлеу тәсілдері, берешек сомасын анықтау мәселелері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Арнайы сауда орталығында өткізілген акцияға 50-ге тарта тұрғын қатысып, қажетті кеңес алды. Мамандардың сөзінше, салық төлеу барлық азаматтар, кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Ал салықтан жалтарған төлеуші тек өсімпұл, айыппұл арқалап ғана қоймай, қылмыстық  жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта тағы да жалғасатынын айтады.

615 қаралым