Жарияланды: 06.09.2022

№1 қалалық емхана ұжымы қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жолдады

Қайырымдылық қасиеті қанына сіңген халқымыз қашанда өзгенің қайғысына ортақтасып, бөліскенді өзіне борыш санаған. Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды шымкенттіктер де ауыр қабылдады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында ең қажетті заттар жинауды бастап кетті.

Шымкенттегі №1 қалалық емханасы қостанайлықтарға көмек қолын созуға медицина мекемелері арасында алғаш болып кірісті. Мекеме ұжымы өте аз уақыттың ішінде қостанайлықтардың сұранысына сай ең бірінші қажетті азық-түлік өнімдерін, гигиеналық заттар қорын жасақтады.

«Өрттен зардап шеккен қостанайлық ағайынға аз да болса өз көмек қолымызды созсақ деген ниетіміз болды. Емхана ұжымы тарапынан қолдау, тауып барлығы бір кісідей атсалысты. Қысылтаяң кезде ешкім де бей-жай қалмауы қажет деп есептеймін, дәл осындай сәтте халықтың бірлігі мен ынтымағы бекемделе түсетіні анық», — дейді №1 қалалық емханасының бас дәрігері Махамбет Бейсеуов.

Қайырымдылық жасау- ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қай кезеңде де, қандай қиын жағдайда да қазақ халқы қолұшын созуды басты парызы санайды. Емхана ұжымы әрдайым мұндай игі бастамалардан шет қалған емес.

921 қаралым