Жарияланды: 13.10.2022

Алматыда «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

9 қазан күні Алматы қаласы “Қазақстан” қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған.

Байқау туралы пікірін білдірген “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: “Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. “Шеврон” компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. Қазылар алқасы бірін-бірі білген жоқ. Бірақ, бәрінің бірінші орынға, екінші орынға қойған жүлдегерлері бірдей болып отырды” дейді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік тақырыпқа жазатын БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру және жазарман қауымның шығармашылық қарымын күшейту, ынталандыру мақсатында өткен байқауға 7 жүлделі орын тағайындалды.

Шығармаларды бағалау материалдардың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуі, жұмыстардың шығармашылық толымдығы сынды бірнеше өлшем негізінде жүргізілген.

Жүлделі орын алғандар:

1. Әсел Жақсыбай 1-орын

2. Жадыра Мүслім 2-орын

3. Данияр Болысбекұлы 3-орын

Ынталандыру сыйлығы:

1. Айдағараев Бағдәулет

2. Дастан Баширов

3. Айнагүл Шакупова

4. Дәурен Махимов

557 қаралым