Жарияланды: 17.10.2022

Халықаралық зерттеушілердің дәрісі

 


Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмыс  семинары өтті. Аталмыш шараға кафедра меңгерушілері, профессор оқытушылар құрамы, докторанттар,магистранттардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Шара 2022 жылдың 28 қыркүйегінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының кинозалында өтті. Халықаралық дерекқорларымен Google Scholar,ORCID және т.б ғылыми әлеуметтік желілермен танысу бойынша қызықты да тартымды баяндамал жасалд . Негізгі ұйымдастырушы ғылыми-редакциялық бөлім. Дәрістің басты мақсаты ғылыми-әлеуметтік желілерімен танысу. Кафедра меңгерушілері, профессор оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар тренингте аталмыш тақырыпқа орай қызықты деректер ұсынды. 

Көтерілген мәселелер
Scopus және  Web of science базаларына тіркелу.
Базаларда журналдар мен авторларды іздеу.
Журнал квартетін анықтау.
Автордың h-Index анықтау.
Журналдың импакт-факторын анықтау.

Сонымен қатар, Google Scholar,ORSID ғылыми әлеуметтік желілерде тіркелу мақалаларды орналастыру мәселелері қозғалды. Қатысушылардың арасында түрлі  пікірталастар  орын алды. Семинар жоғарғы деңгейде өтті. 

                Дана Тұрсынғали,
               Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының” 1ші-курс студенті

509 қаралым