Жарияланды: 29.07.2018

Өндірісті өрлетпек

Түркістан облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қаншама ірі кәсіпорындар ашылды. Олардың барлығы да бүгінде табысты жұмыс істеуде. Индустрияландыру аясында алдағы уақытта ашылатын ілкімді жобалардың қатары арта түспек. Солардың бірқатары бүгінде жүзеге асырылғалы отыр. «Алем Бетон» ЖШС АҚ қатты дәрілік өндіріс формалар өндірісі жүзеге асатын болса облыстың өндірістік қуатына күш беретін соны жоба болғалы тұр. Жобаның жалпы құны 313 млн. теңгені құрайды.  Жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тонна. Толық қуатына кіріскен жағдайда қаншама жұмыс орындары ашылатыны сөзсіз. Бұл да болса жұмыссыздықты жоюға септігін тигізері анық. Ал ірі жобалардың тағы бірі «Байтемирова Р.С» жеке кәсіпкерлігі. Балаларға арналған пластикалық ойыншықтар шығаратын қолданыстағы өндірісті жаңғырту. Жобаның жалпы құны 34 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 150 мың дана. Бүгінде түркістандық кәсіпкерлер балаларға арналған ойыншық нарығын жаулап ала бастады. Бұған дейін «Наурыз пластик» ЖШС-і өңірімізде алғаш осы нарыққа төте жол салған өндіріс орнының бірі. Енді оның қасына аталмыш кәсіпорын қосылып отыр. Алдағы уақытта осындай жобалар жүзеге асырыла беретін болса онда елімізде импорт өнімге орын қалмасы анық. Бұдан бөлек «Айбек ЛТД» ЖШС Түркістандағы индустриалды аймақта ашылатын болады. Тақта жабыны, іргетас блоктары мен тауарлық бетон өндірісін өрлетпек. Жобаның жалпы құны 216 миллион теңгені құрайды. Бұлардың барлығы да сұранысы жоғары тауар өндіретін болады.

1 310 қаралым