Жарияланды: 29.07.2018

Өңір өндірісін өрге сүйреген

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жуырда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат ұсынған болатын.  Ол бойынша яғни, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Өңірімізде шағын және орта кәсіпкерліктер саны-184 284 құрайды. Облыста жүзеге асырылған инновациялық жобалардың ең ірілерінің қатарында: «Химфарм» АҚ- Қатты дәрілік формалардағы өндіру цехының құрылысы  тұр. Бұл жобаның жалпы құны 4455 млн теңге, жоба қуаттылығы 200 млн.таблетка. Бұдан кейінгі орында «Бөрте Милка» — ЖШС Тауарлы-сүт фермасы базасында сүт өнімін өңдеу зауытының құрылысы, Жобаның құны 900 млн.теңге, Жоба қуаттылығы 4320 тонна болып тұр. «Karlskrona LC AB» ЖШС- Құйылмалы дайындама,стандартты емес электротехникалық құрылғылар өндіретін машина құрастыру зауыты, Жоба құны 1500 млн.теңге, Жоба қуаты 150 мың тонна. «Шымкентмай» АҚ- Өсімдік майы өндірісін кеңейту, Жоба құны 1604 млн.теңге, Жоба қуаты 56 мың тонна. «Рахат Шымкент» ЖШС- Вафельді түтікше өндірісін ұйымдастыру, Жоба құны 850 млн.теңге, Жоба қуаты 1700 тонна. «Hill Corporation» ЖШС — Консистентті материалдар және өңделген майларды регенерациялау өндірісі, Жоба құны 5541, Жоба қуаты 30 000 тонна. Бұлардың барлығы да өңір өндірісін өрге сүйреген өрелі жобалар. Алдағы уақытта алпауыт кәсіпорындардың қатарына тағы бірнеше кәсіпорындар қосылмақ.

 

1 005 қаралым