Жарияланды: 24.11.2022

10 күндік іс-шаралар барысында тиісті жұмыстар атқарылуда

 
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен  былтырғы жылдан бері ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары өткізілуде.  Осындай он күндік іс-шаралары Қайнарбұлақ ауылдық округінде де бастау алған болатын.
 
Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жүріп-тұруларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары аясында ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа ауылындағы №67-ші «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебінің алдындағы Жаназат Дүйсебайұлы көшесі бойына  екі жерден жасанды жол кедергілері орнатылды.
 
Қайнарбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шараларына сәйкес тиісті жұмыстарды атқару онан әрі жүргізілуде.
 
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары жоспарына сай бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары тарапынан ауыл тұрғындарын жеке қабылдау жұмыстары да жүргізілуде.
 
 
350 қаралым