Жарияланды: 24.11.2022

Тұтынушының құқығын қорғау үшін…

 
Қоғамымызда кез-келген азаматтың құқығы тапталмауы тиіс. Ол үшін құқықтық сауаттылықты арттыру қажет. Құқығын қорғайтын мемлекеттік органдарға хабарласуы қажет. Одан бөлек бүгінде Түркістан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандары eOtinish қызметі туралы халық арасында кең көлемде түіндірме жұмыстарын жүргізуде.   Бұл қызмет азаматтардың билік органдарымен даулары бойынша құқықтарын нығайтуға арналған.
 
Ол әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетімен (әрекетсіздігімен) бұзылған азаматтың немесе басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау талаптарын қарастыруға, мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруге, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішті қамтитын өтініш беруге, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғам қызметінің әлеуметтік-экономикалық және өзге де салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бұзылуы, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
738 қаралым