Жарияланды: 29.07.2018

Қажетті өнімді өзімізде өндіреміз

Сырты декорация керемет пе? Ағаштан жасалған әдемі жиһаз ба? Демек бұл «Бай & R Group» компаниясының өнімі деген сөз. Кәсіпорын Түркістан облысындағы ағаш-полимерлік өнімдерін шығаратын өндіріс орнының бірі. Дәл осы салада ең алғаш ашылған өндірістердің бірі болатын. Бүгінде тұрақты кленттері қалыптасқан, нарықта өзіндік орны бар кәсіпорынның бірі. Жиһаз өндірісіне қажетті барлық ағаш түрлерін шығарады. Сыртқы декорацияға арналған ең заманауи үлгілерден өнім өндіреді. Сапасы аса жоғары. Қолайсыз ауа райы әсер етпейді. Жарамдылық мерзімі де ұзағырақ. Бүгінде құрылысқа пайдаланылып жатқан материалдарға ең алдымен сапасына баса мән берілетіні белгілі. Ол жағынан алғанда компания өнімдері қамшы салдырмайды. Сонымен қатар компания инновациялық технология бойынша жасалған материалдарды қолданады. Аталған материалдар кез-келген климаттық аймақтарда, кез келген температура ауытқуына өте төзімді. Жоғары сапалы және экологиялық таза шикізаттық өнімдерді пайдаланудың арқасында қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, компанияның өнімдері тиісті сертификаттармен расталған барлық халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Компанияның Астана және Алматы қалаларында тұрақты өкілдіктері мен қоймалары бар. Еліміз бойынша дилерлік желіні белсенді дамыту үстінде. Алдағы уақытта экспортқа өнім шығаруды да жоспарлап отырған жайы бар. Сапа кепілдігін ұсынатын компаниямен келісімшартқа тұрған тұрақты құрылыс компаниялары көп. Коттедждерге, көпқабатты тұрғын үйлерге қасбеттік панельдер ұсынады. Бүгінде компанияда сексеннен аса адам еңбек етеді.

1 179 қаралым