Бүгінде алаяқтық қылмысы кең етек жайып барады. Алаяқтық алдын алу үшіг тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуде. Алайда нәтиже аздау. Дегенмен осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды.
Түркістан облысына қарасты Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне бірнеше қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірген. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, бейтаныс әйел оның сеніміне кіріп, мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесуге уәде берген. Содан кейін алаяқ алаяқтық жолмен 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алып, ұшты-күйлі жоқ болған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Сол күні полицияға алаяқтықтың айла-амалдарына тап болған тағы бірнеше жәбірленуші арызданған.
Қылмысты ашу және алаяқты ұстау мақсатында, полицейлер жан-жақты жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықтады. Аталмыш жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.
Белгілі болғандай, күдікті әйел алаяқтықтың 6 дерегіне қатысы бар болып шықты. Ол қайтарымсыз несие алып беремін деген сылтаумен Кентау қаласының тұрғындарынан ақша алған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1,7 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.