Жарияланды: 26.11.2022

Жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясы бойынша Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының полицейлері ауқымды іс-шаралар атқаруда. Мысалы тәртіп сақшыларының күнделікті рейдік-профилактикалық іс-шараларынан бөлек, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Келелі кездесуде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша төртінші билік өкілдерімен бірлесіп, жұмыс атқару талқыланды. Яғни халық арасында, оның ішінде автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, балалардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндіруде жұмыла қызмет ету қажеттігі айтылды.
Өз кезегінде журналистер полицейлерге ұсыныс-пікірлері мен сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу орнады. Сондай-ақ аудан тәртіп сақшыларының жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы уақытта бірге қарқынды қызмет жасайтындықтарын жеткізді.
Одан басқа жетісайлық полиция қызметкерлері «Сіздің жолаушыңыз-бала!» тақырыбымен ата-аналар арасында жиналыс өткізді. Онда әрбір ата-анаға үйде ұл-қызына жол қозғалысы ережесін ұғындыру, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігі бойынша сұхбат өрбіді.
Ақпарат ретінде айта кетсек, жалпы Жетісай ауданында 2022 жылдың 10-айында полицейлермен 47 744 оқушыға қауіпсіздік сабақтары өтті. Жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, «Жасөспірім және түнгі қаладағы балалар» профилактикалық шарасы ұйыымдастырылды.
Шымкент қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 4 жасөспірім орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру дерегі бойынша аудандық әкімшілік жанынан құрылған комиссияға 12 іс құжат жолданды.

 

 

 

 

498 қаралым