Түркістан облысы орталығындағы Хабибулла Азимовтың шаруа қожалығы бүгінде «Джон Дир» мақта жинайтын комбайнымен мақта жинау науқанына кірісті. Бұл өз кезегінде терiмшiлер көмегiне деген мұқтаждықты азайтады және уақыт үнемдеуге сеп. Ендi осы заманауи комбайндар көмегiмен күнiне 60 гектар алқаптың өнiмiн жинауда. Шаруа қожалығында жыл басында сынақтан өткен «Түркістан» сұрыпы егілген болатын. Шығымы жақсы. Терімі де жоғары болары сөзсіз. «Түркiстан» сұрпы шаруа қожалығындағы 860 гектар жерге, басқа ауылдарды қосқанда 5800 гектар жерге егiлдi. Өнiмдiлiк 40 центнерден кем болмайды. Англияның IKEA фирмасы мақтаның осы сұрпын зерттеп, экологиялық тұрғыдан таза деген қорытынды шығарды. Олар өсiрген өнiмнiң әр тоннасын 1600-1700 АҚШ долларымен толық сатып алуды көздеп отыр. Сондай-ақ, қосалқы сүт өңдейтін цехы да жұмыс істейді. Шаруа қожалығы Украинамен бiрлесе отырып сүт ұнтағын даярлайтын кәсiпорын салуда. Бүгінде оның құрылысы қарқынды жүргiзiлуде, күзге қарай iске қосуды жоспарлап отыр. Күнiне 40 тонна сүттi өнеркәсiп негiзiнде қайта өңдеу арқылы сүт ұнтағына айналдыратын кәсiпорын Қазақстанда әзiрге жоқ. Қазақстан сүт ұнтағына деген қажеттiлiктi Ресей, Украина және Беларусь мемлекеттерiнен импорттап отырса, алдағы уақытта аталған цехтың өнімі ішкі нарықты толық қамтуға қауқарлы болады деген үміт бар.
Ш. Мадалиев
«Түркістан»