Жарияланды: 26.11.2022

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасы жүзеге асырылуда

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осы іс-шаралар жоспар аясында аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ мектеп педагогтары және ата-аналармен бірлесе оқушылармен кездесу, олардың тарапынан қойылатын әрбір сұрақтарына жауап беру, прокурорлық лекциялар оқу қарастырылған.

Бүгін М.Әуезов, Абай, С.Ысқақов, М.Х.Дулати, «Теспе», «Бірлік», Қ.Мүсірепов атындағы мектептердің оқушыларымен 180-ге жуық кездесу өткізілді.

Әдеттегідей кездесу барысында оқушылар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, өз кезегінде мамандардан құқықтық тәрбиелік маңызы бар жауаптар берілді.

 

363 қаралым