Жарияланды: 26.11.2022

Мектеп оқушыларымен кезекті кездесу өткізілді

 

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында бүгін Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Бадам ауылдық округіндегі Ұлағат, С.Сейфуллин, Ордабасы, Қажымұхан, А.Шерімқұлов, С.Мұханов, Ақбұлақ және Болашақ атындағы жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бала құқығын сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шараларын талқылады. Бұған дейін мұндай іс-шара ауданның бірнеше ауылдық округтерінде өткізілген болатын. Бұдан кейін аудан прокуроры К.Нәрікбаев  Шұбарсу ауылдық округінде Исламқұлов, Достық, Нұрлыбеков, Атамекен, Ынтымақ жалпы орта мектептерінің 433 оқушымен кездесу өткізді.

Құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары, сондай-ақ өзге де оқушылар үшін маңызды сұрақтар талқыланды.

Тәрбиелік мәні бар бейне ролик көрсетілді, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды жауап алды. Тағы бір кездесу Шұбар ауылдық округіндегі Д.Қонаев, Жусансай, Тоқсансай, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ кездесуге Ордабасы ауданы әкімдігінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары мен мектеп педагогтары қатысты. Кездесу барысында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды. Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы видео ролик көрсетілді, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

 

651 қаралым