Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-сі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «40 күн той мен ой» жобасында жастар мен жасөспірімдер арасында қазақ халқының ұлттық ойынын салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, патриоттық рухты көтеру, әскери қызметтің беделін арттыру, жастарды әскер қатарында қызмет етудің абырой екендігін, ұлттық ойындардың мәнін жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Атап айтқанда: гір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу,асық ату сынды спорт түрлерінен:«Халықаралық туризм және меймандостық»университеті,
«Түркістан Қ.А.Яссауи атындағы көпсалалы колледж»
«Түркістан жоғары медицина колледж» студенттері қатысып,аталған спорттық сайыста өз бақтарын сынады.
Жарыс нәтижесінде:
Асық атудан:
I орын- Бадиров Р
II орын- Сарсенбай Н
III орын- Османов Д
Гір тасын көтеру:
I орын- Баби О
II орын- Саматұлы Е
III орын- Сламбек Н
Ләңгі тебу сайысынан:
I орын- Асанов Е
II орын- Кененбай Е
III орын- Бадиров Р
Қол күрес сайысынан:
I орын- «Түркістан Қ.А.Яссауи атындағы көпсалалы колледж»
II орын- «Халықаралық туризм және меймандостық»университеті
III орын- «Түркістан жоғары медицина колледж» студенттері иеленіп, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың алғыс хатымен марапатталып, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтары табысталды.