Жарияланды: 26.11.2022

«Құқық теориясы» атты тақырыптық кеш өткізілді

 

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сынтас ауылдық кітапханасында жастарға қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы» атты тақырыптық кеші өткізілді. Бұдан кейін, Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Тұрбат ауылдық клубында адамдарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету және мұсылман дінінің өміршеңдігін, Ислам дінін насихаттау, өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру мақсатында «Дін- тәрбиенің рухани тірегі» атты іс- шара өткізілді. Іс- шараға ауыл ақсақалдары Бахрам Сабитов, Сабыр Юлдашев , Абдурасул Хамиев және «Ысмайл ата» мешті имамының орынбасары Ишимов Фазлиддин қатысты.  Іс- шараға 60 адам қатысты. Одан кейінгі кездесу Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарабау ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін жеткізу, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылық деңгейі мен сапасын арттыру, маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Жемқорлыққа қарсымыз» атты инфо-сағаты болып өтті. Іс-шараға А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Р.Пернебекова қатысты.

 

487 қаралым