Жарияланды: 02.11.2022

Құрылыс құрылғыларын жалға алып сатып жіберген алаяқ ұсталды

 

Түркістан облысының полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша өзінің жалға беріп жүрген құрылыс жұмыстарына арналған темір қалыпы мен қазықтарын алыс танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын 1 миллион теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Түркістан ҚПБ полицейлерінен жедел тергеу тобы құрылып күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам құрылыс жұмыстарын жүргіземін деп танысының 25 дана темір қалыпы мен 64 дана қазығын алған. Алайда күдікті темірлерді өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

413 қаралым