Жарияланды: 27.11.2022

Әскери- патриоттық бағытта жастарды тәрбиелеу -басты міндет

Әскери- патриоттық бағытта жастарды тәрбиелеу -басты міндет

 

Әскерге бар, Отан қорғау —борышың,

Одан асқан құрметтің жоғы шын!

Қорғау үшін ұлан—байтақ мекенді

Ата—бабаң жанын қиған сол үшін….

Әскерге бар, Отан қорғау—міндетің

Жаудан тазарт, қасиетті жер бетін

Тыныш өмір сүрсін десе ұрпағың

Ауыздықта соғыс деген індетін…..

Сол үшін де сенің атың—азамат

Күрестерде оза шабар қазанат

Еліміз бен жерімізді қорғаңдар

Ел тағдыры сендер үшін аманат!!!! — бұл өлең жолдары Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында өткізілген салтанатты іс—шарада Сайрам ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Қайназар атамыздың жүрекжарды туындысы. Сайрам ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы», «Айбынды Жастар- Қоғам тірегі», «Жаңа Қазақстанның тірегі» акциясы негізінде күзгі әскери қызметке шақыру, Әскери- патриоттық жастарды тәрбиелеу және Отан алдындағы борышын адал атқару бойынша үгіт- насихат беру және әскери — патриоттық клубтарды күшейттіру жөніндегі іс- шара өткізілді.

Осы іс- шараға Отан алдындағы борышын атқару үшін жөнелтілетін шақырылушы сарбаздар және олардың ата- аналары, Сайрам ауданының Ардагерлері, 35748 әскери бөлімінен әскери оркестрі, ҚІЖБ жеке құрамы толығымен қатысты.

Әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өз деңгейінде өтті. Әскерге шақырылушы сарбаздар мен олардың ата-аналарына естелік сыйлықтар тарту етіліп, Сайрам ауданының Ардагерлері мен Түркістан ҚІЖД бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев пен Сайрам ауданының ҚІЖБ бастығы подполковник Галымжан Балгынбаев, ҚР ҚК ардагері запастағы подполковник Сейдуалы Ештаев ақ тілектерін білдіру ретінде сөз сөйледі. Патриоттық әндер айтылып, болашақ сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу шарасы өткізілді.

313 қаралым