Жарияланды: 27.11.2022

Құқықтық сауаттылықты арттыруды жүзеге асырады

 

 

Түркістан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары ақпараттық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган

– тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Оның құзыреті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 5-бабында реттеледі және ол: тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

 Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізеді; мемлекеттік органдарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді; өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады.

 

357 қаралым