Жарияланды: 27.11.2022

Құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді

 

Түркістан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы филиалының №1 мен №2 Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды, атап айтқанда: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу салалары бойынша Жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды тіркеу, мүліктің меншік иелері бірлестігі (ММИБ) құқықтық нысанында заңды тұлғаны құру және тіркеу мәселелері бойынша;

— АХАТ саласы бойынша Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша.

 

463 қаралым