Жарияланды: 27.11.2022

Ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізді

 

Түркістан облысына қарасты Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінде Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды халыққа таныстыру, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылық ең маңызды әлеуметтік проблемалар қатарында екендігін, жасөспірімдердің қоғам, отбасы, ата-ана, бауыр, туған-туыс алдындағы жауапкершілігін, түрлі құқықбұзушылық, қылмыстарға бармауларының алдын алу мақсатында Кентау ҚПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты А.Жұбай, Кентау қалалық емханасының жауапты психологы Л.Курманбаева, психолог А.Жүсіпбек және¬ СӨСҚ мейірбикесі З.Эргешова бірлесіп «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы» туралы ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында, колледж студенттеріне туған – туысқандарыңыз, көршілеріңіз немесе отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына айналып, қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттерін көріп жатса, оларға заң аясында құқықтық көмек көрсетуге болатыны ескертілді

391 қаралым