Дәл қазіргі уақытта Түркістан обысына қарасты барлық аудандарда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды. Аталмыш акция аясында Арыс ауданы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор психологы К.Төлебаева, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.
Мұнда полицейлер мұғалімдер мен жоғарғы сыныптың 150 оқушысын қатыстыра отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған дәрісті өткізді. Отбасындағы зорлық-зомбылық деректерін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізді.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына, отбасындағы зорлық-зомбылық ең маңызды әлеуметтік проблемалар қатарында екендігін айтып профилактикалық түсіндірулер жасады.
Жиналыс барысында оқушылар тарапынан мазалап жүрген сауалдар ортаға салынып, заң жүзінде жауаптары берілді.