Жарияланды: 28.11.2022

Айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін еске салады

 

Қараша айында өткізіліп жатқан шара барысында әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды уақытында орындау мақсатында Түркістан облысы Полиция Департаментінің нұсқауына сәйкес, Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және сот орындаушы палатасының қызметкерлерімен бірлесе қала аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс шарасы өтуде. Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Сіздерден әкімшілік құқық бұзушылық жасамауларыңызды, ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін еске салады.

Қосымша ақпаратты Түркістан қаласы Полиция басқармасына келiп немесе 102 және немесе 42-2-02 байланыс телефондары арқылы бiлуге болады.

 

 

382 қаралым