Жарияланды: 28.11.2022

Былапыт сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды

 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мәселен, «К» есімді азаматша, Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан такси бекетінде, осы такси бекетінің жұмысшысы «Т»-ны қоғамдық орында былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген. Осындай құқық бұзушылық әрекеттері үшін оған қатысты әкімшіліқ хаттама толтырылып, сотқа қарау үшін жолданған.

Нәтижесінде, Түлкібас аудандық сотынының қаулысымен азаматша «К». Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 315 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

700 қаралым