Жарияланды: 28.11.2022

«Спорт нашақорлық пен есірткіге қарсы!»

 

«Спорт нашақорлық пен есірткіге қарсы!» ұранымен баскетболдан 2010-2011 жылы туған  жасөспірім ұлдар арасында Арыс қаласында ашық біріншілік өтті.  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Далабазар» жалпы орта мектебінің командасы ІІ — орынды иеленді. Жасөспірімдерді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Усманов жаттықтырды. Аты айтып тұрғандай жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуүшін осындай бағыттағы жарыстарды ұйымдастырып тұрудың пайдасы зор. Нашақорлық көптеген қылмыстарға тікелей себепкер екендігі белгілі. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, кәмелетке толмаған нашақорлардың шамамен 2/3 бөлігі қылмыскерге айналады. Себебі, есірткіге деген құмарлық келесі дозаны алу үшін қылмысқа апармай қоймайды. Әсіресе, ұрлық жасауға көптеп итермелейді. Сонымен қатар, кейде агрессивтілік тудыратын есірткілер өзінің қатыгездігімен мағынасыз қылмыстарға жетелейді. Ақырында есірткіден әлсіреген қылмыскер өзі оңай құрбан болады. Жоғарыда сөз болған ғаламдық мәселе біздің елімізде де айтарлықтай өршіп тұр. Есірткіні жанына серік еткен нашақорлардың қатары азаймай отыр.

Нашақорлық – әрине қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Сондықтан да мамандар түрлі бағыттағы жиындарды көптеп өткізіп спорттық шараларды көбейту қажет дейді. Әрі есірткінің қаншалықты зиян екендігін жастардың құлағына құя беру де аздық етпейді.

 

588 қаралым