Жарияланды: 29.11.2022

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау алдыңғы орында тұр

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының жергілікті тұрғындарының көктем-жаз-күз мезгілінде егін және мал шаруашылығымен айналысып келеді, халықтың басым бөлігі тұрмыстық тіршілігі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге байланысты.

Осы орайда егін ауылшаруашылықты дамыту мақсатында, егін егу және жинау кездерінде шаруа қожалықтарына жеңілдетілген жанар-жағар май ауадай қажет етеді.

Аудан прокуратурасымен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша өткен жылдың күзгі дала жұмыстарына мемлекеттен жеңілдетілген жанар-жағар майды (дизель отын) арзан бағадағы жеткізуші оператор ретінде «Каф Мұнай Отырар» ЖШС-гі белгіленген, бірақ аталған мекемемен уақтылы жеткізілмеу салдарынан, шаруа қожалықтарымен жоғарғы бағада сатып алуына мәжбүр болып, артық шығындарға тап болғаны анықталды.

Осының негізінде аудан прокуратурасымен енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну актісінің негізінде, бүгінгі таңға дейін 217 шаруа қожалығына жалпы 1307 тонна жанар-жағар май жеткізіліп, соңғылардың құқықтары қорғалды.

 

 

348 қаралым