Жарияланды: 29.11.2022

Клиент іздеушілер қолға түсті

 

 

«Жеңгетайлық» – кәдімгі кәсіп көзі, жеңіл жолмен арам ақша табудың бір әдісі. Қоғамдағы азғындық. Адам саудасы, жеңгетайлық пен притондарды ұстау фактілерінің жолын кесу, ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысатындарды анықтау және оларды есепке тіркеу мақсатында құқық қорғау органдары «Стоп-Трафик» жедел алдын-алу шарасын ұдайы өткізіп тұрады. Шара барысында көптеген жәйттер анықталады. Дегенмен іс шара барысынан бөлек, жй күндері де қармаққа өздері түсетіндер де жеткілікті.

 

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі әйелді ұстады. Олардың екеуі де Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі профилактикалық есепте тұрады.

 

Аталған сезікті әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады.

 

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау» бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

286 қаралым