Соңғы кездері баға көрсеткіштегі бағаның сатушы кассада айтқан бағаға сәйкес келмейтін жағдайлар жиі кездесіп отыр. Бұл жағдайда кімдікі дұрыс?
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына сәйкес кассадағы тауар бағасы баға көрсеткіштегі бағадан аспауы тиіс. Заңның 24-бабында «тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы» деп көрсетілген.
Осылайша, алдауды анықтаған жағдайда, егер сауда әлі жасалмаған болса, тұтынушы тауарды баға көрсеткіш бойынша сатуды немесе егер ауыстырып жіберу чек берілгеннен кейін анықталса, айырманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Мұндай жағдайда бұзушылық фактісін шағымдар мен ұсыныстар кітабында тіркеу, баға көрсеткішті фотоға түсіру, тауардың ақысын төлеу фактісін растайтын кассалық чекті сақтау, сондай-ақ сатушының атына тұтынушының құқықтарын бұзуды болдырмау туралы жазбаша наразылық жазу қажет. Тұтынушы тарапынан түсіп жатқан сауалдарға Түркістан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жауап беріп отыр.