Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының прокуроры Б.Булеулиев аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде мал ұрлығы мен алаяқтық құқық бұзушылықтар профилактикасының алдын алу бойынша Маяқұм, Көксарай ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу жиынға ауыл тұрғындары, учаскелік полиция қызметкерлері, ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде мәселе бойынша алғаш болып, аудан прокуроры Б.Булеулиев қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, мал ұрлығы қылмысың өскендігі, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан алаяқтық қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар өз дәрежесінде болмай отырғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, қазіргі кезде қайтарымсыз несие, жәрдемақыларды оңай жолмен алып беру жолдары арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдерді көптеп кездесіп жатқандығын мәлімдеді.
Қос ауылда өткен жиынның соңында аудан прокуроры мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауға алуды, өсу алған қылмыс түрлерінің деңгейін төмендету, сондай-ақ алаяқтық қылмысын болдырмау және алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды, тұрғындарға ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет екендігі жөнінде тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.